Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысында 1 шілдеден бастап еңбек мобильділігі орталықтары құрылады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

2023 жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 Еңбек мобильділігі Орталықтары құрылады. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары «Мансап Орталықтары» болып қайта құрылатын болады.

Әлеуметтік кодексте көзделген шараларды іске асыру мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» құрылып, өз қызметін 2023 жылғы 1 шілдеден бастайды.

Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функциялары:

— жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;

— өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;

— жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;

— жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;

— жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;

— халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.

Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.

Бұл ретте Түркістан облысының барлық 17 аудан, қалаларында «Мансап орталықтарын» құру бойынша ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Өз кезегінде, Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру.

Қазіргі таңда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда жалғаса береді.

Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі жұмыспен қамту саласындағы барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады.

Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары – бұл жұмыспен қамту органдары мен олардың клиенттері, яғни ізденушілер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарды және бизнес-процестерін түбегейлі өзгертіп, оларды онлайн-форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Онлайн қызметтерді іске қосу халықтың жұмыспен қамту органдары қызметкерлерімен тікелей байланысын азайтуға және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жұмыспен қамту саласында қызмет алуға өтініш білдірген азаматтардың шамамен 77%-ы Электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн-форматты пайдаланады.

Ағымдағы жылдың 5-25 маусым аралығында облыстың барлық аудан, қалаларында «Жұмыспен қамту орталықтарының» қызметкерлері үшін оқыту семинарлары өткізілді, жұмыспен қамту органдарын трансформациялау мақсаттары мен еңбек мобильділігі орталықтарын құру қажеттілігі туралы оқыту семинарлары өткізілді. Облыс тұрғындарына мамыр-маусым айларында Әлеуметтік кодексті енгізу нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан облысында биыл бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың...

Оқушылар үйірмеге қызыға ма?

Жақында Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын...

ЖАҢА БАСТАМАЛАР — БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетін болды. Президент бұл...

Президенттік кадрлық резерв – ұлт болашағына арналған айқын жоба.

  Президенттік кадрлық резерв – елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба.  Басты міндет –...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

Волонтер жастардың қатары артып келеді.

Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі...

Тәрбие жұмысын реттемейінше, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтата алмаймыз – Жұлдыз Сүлейменова

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне қатысты жазаны күшейтуге бағытталған жаңа заң жобасы әзірленді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында...

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ұйымдастыруымен «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме ашылды

15 қараша ұлттық валюта - теңге күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме өтеді....

Бирги — «Үздік туристік ауыл»

Бес мың жылдан астам тарихы және классикалық селжұқ және осман үйлері бар Бирги «2022 жылдың ең жақсы туристік ауылдары»...

Тағы да