Понедельник, 20 апреля, 2026

Қолжетімді туризм: Ақмола облысында белсенділер инклюзивті туризмді қалай дамытуда?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Алматы, 30 мамыр – Инклюзивті немесе қолжетімді туризм кез-келген адамның физикалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріне немесе жасына қарамастан қолжетімді туристік бағыттарды, өнімдер мен қызметтерді қамтиды. Бірақ бүгінгі таңда мүгедектігі бар ададмдардың 70%-ы Қазақстан мен шет елдерге саяхаттағысы келетініне қарамастан («Аржан» қоғамдық қорының зерттеуіне сәйкес), туристік операторлар мен нысандардың көпшілігі бұл санаттағы адамдар үшін өз қызметтерін ұсынбайды .

 

 

Бұл мәселені шешумен инклюзивті туризмді ілгерілету жөніндегі жобаны іске асыратын «Батыр» қоғамдық бірлестігі айналысады. Ұйым мүгедектігі бар адамдар үшін олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Ақмола облысы бойынша инклюзивті турлар өткізеді.

 

Бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын «Байтақ жер»жобасының бөлігі болып табылады. Жобаның мақсаты – туризмді дамыту және жастарды тарту арқылы Ақмола облысының ауылдық аудандарында кәсіпкерлікті қолдау.

«Батыр» ҚБ Ақмола облысында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді және әлеуметтік осал отбасыларға, мүгедектігі бар балалар мен жастарға қолдау көрсетеді. Соңғы 7 жыл бойы ұйым мүгедектігі бар балаларға арналған Астана қаласы бойынша инклюзивті турларды дайындаумен айналысып келеді. Балалар океанариум, Хан-Шатыр, «Хэппилон» және «Бэбилон» ойын аймақтары, ботаникалық бақ, орталық саябақ, елордалық цирк сияқты жерлерге барады. Турлар Астанадан тыс жерлерде де өткізіледі. Батыр командасына кіретін мүгедектігі бар балалармен жұмыс жөніндегі тәжірибелі мамандар турларды ұйымдастырады және сүйемелдейді. Сондай-ақ, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар арасында жұмыс орындарын құру үшін бірлестік «Шебер Ана» кәдесый бұйымдарының тігін цехын және ағаш бұйымдарын өндіру цехын ашты.

 

 

«Мүгедектігі бар адамдар үшін инклюзивті туризмді дамыту өте маңызды. Оларға жағдай жасап, толыққанды өмір сүруге, физикалық және психикалық дамуға, оқуға, жұмыс істеуге, саяхаттауға және мәдени көңіл көтеруге мүмкіндік берілуі керек. Туризм қадір-қасиетін жоғалту, кемшілік сезімдерін жояды, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қоғамға интеграциялауға көмектеседі. Қолжетімді туризм – бұл оңалту және туристік нысандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы», –деп атап өтті «Батыр» ҚБ басшысы Айгүл Болатова.

 

Айгүлдің айтуынша, Қазақстанда туризмнің қолжетімділік деңгейі әлі де төмен. Сондықтан оны арттыру үшін аталған жоба шаралар кешенімен қолдануда. Батыр мүгедектігі адамдармен жұмыс істеу бойынша туристік нысандармен консультациялар өткізеді, олардың қызметкерлеріне арналған нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ инклюзивті туризм туралы үлестірме материалдар әзірлейді. Сонымен қатар, ұйым туристік нысандардың қол жетімділігін бағалауды жүргізгісі келеді.

Жобаның маңызды құрамдас бөлігі инклюзивті экскурсиялар болып табылады. Олар басқа кез-келген турларға кіретін бірдей компоненттерді қамтиды (тұруды, тамақтануды, экскурсиялық көлікті ұйымдастыру, бағдарламаны әзірлеу, гидтерді дайындау), бірақ мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген. Бұндай қажеттіліктерге үлкен есіктері, қажетті тұтқалар мен «еденге тірелген» душы бар кең қонақүй бөлмелері, лифті немесе пандусы бар экскурсиялық көлік, арнайы дәретханасы бар қолжетімді нысандар кіреді. Мұндай турлардағы гидтер объектілердің қол жетімділігі туралы өзекті ақпаратқа ие және күтпеген жағдайда бейімдене алады.

Батыр алғашқы бір күндік инклюзивті турды 2023 жылғы 22-24 мамыр аралығында Ақмола облысының қолжетімді орта бойынша жағдайлар жасалған «Золотой фазан» және «Фазенда» демалыс аймақтарында өткізді. Турға 60 адам қатысты: түрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдар, олардың көмекшілері және волонтер экскурсия жетекшілері. Олар экзотикалық жануарларға арналған шағын хайуанаттар бағына, жылытылатын жабық бассейнге, ипподромға, су трениңіне, пірәндік кескіндеме бойынша мастер-классқа, табиғаттағы сенсорлық терапия және канистерапия сеанстарына барды.

«Турмаршруттарды өткізу нәтижесінде балалар мен ата-аналар өте риза болып, позитивті эмоциялар мен керемет әсер алды. Ата-аналар алғыстарын білдіріп, олар әрқашан біздің қалаларымыздың көшелерімен жүруді, ел ішінде саяхаттауды және сонымен бірге олар қалаған жерде өздерін жайлы сезінуді қалайтынын атап өтті», – деп бөлісті Айгүл.

Келесі турлар маусым және шілде айларында жоспарланған, олар Бурабай ұлттық паркінде, Зеренді ауданында және Қосшы қаласында өтеді. Турлар мен барлық қажетті ақпаратты Батырдың Instagram парақшасынан табуға болады.

Жаңалықтар тізбесі

Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Алқа...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАУЫС ҚҰСЫ ӨСІРІЛУДЕ

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Искендер Павлиев үй жағдайында тауыс құсын өсірумен айналысуда. Шаруа павлин...

Таланттардың шеберлігі шыңдалды

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы...

Келестік оқушы заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде

№60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мекембай Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын...

ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖАНАШЫРЛАРЫНА «ҚАЗЫҒҰРТ ТҰҒЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық Көкпар федерациясының ұйымдастыруымен «Қазығұрт тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «НУЖНО СОЗДАТЬ БЛАГОПРИЯТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ РАЗВИТИЯ ТУРИЗМА В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ»

Под председательством акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды состоялось совещание по социально-экономическому развитию Толебийского района. На нем обсуждались вопросы сельского...

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы «Есірткісіз болашақ» айлығы басталды

Түркістан облысы жастарының нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында 1 айға жоспарланған іс-шаралардың...

МӘСІМОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҰҚК ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ТАСТАП КЕТКЕН

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшыларының әлсіздігі жеке құрамның рухын түсірді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры...

Он жеті жасында аға шопан атанған Орынтай Көмеков

1947 жылы маусым айының үшінші жұлдызы күні ОҚО, Түлкібас ауданы, Қарабастау ауылында дүние есігін ашқан Сабырбек ағамыз қаршадайынан еңбекке...

Тағы да