Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты ұстаздардың еңбегі.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтауда зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген. Ал мектептің жүрегі – ұстаз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздық саласында елеулі еңбек етіп жүрген жандардың бірі —  Пердебаева Гулчахра Дүйсенқызы.

-Гүлчахра Дүйсенқызы, өзіңіз туралы, туып-өскен ортаңыз жайлы айтып өтсеңіз.

-ОҚО  Келес ауданы 21партсъезд атындағы совхозда (қазіргі Бірлесу ауылы) 1972 жылы 1-ақпанда дүниеге келдім. 1979 жылы 1-қыркүйекте  21партсъезд атындағы орта мектепке (қазіргі Жуантөбе) қабылдандым. 1989 жылы 10 сыныпты бітіріп, Шымкент қаласындағы Пединститутқа оқуға түстім.

Әкем Пердебаев Дүйсен еңбек етуден жалықпайтын шаруа адам еді. Ал анам Пердебаева Ұлхан еңбекқор, көпшіл, айналасына мейірім шуағын шашқан жан болған екен.

Әке-шешеден 8 перзент 3ұл, 5 қыз болдық. Анам 1978 жылы дүниеден өтті. Әкем 2016 жылы 90 жасқа келіп дүниеден өтті. Анамызды жоқтатпай барлығымызды жоғары оқу орнында оқытып, ұлды ұяға қызды қияға қондырды. Отбасымызды жалпы ұстаздар отбасы десекте болады. Әпкелерім де, ағаларым да ұстаз жолын қуған соң мен де соларға еліктеп ұстаз болғым келді.  Арманым орындалып, менде қазіргі уақытта қаншама шәкірттер тәрбиелеп, білім нәрімен  сусындатып ұстаз атанып отырмын.

Үлкен әпкем Шаризат жездем Мұсабек Жетісай қаласында тұрады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімдері. Қазіргі уақытта ұлағатты ұстаздар болып зейнеткерлікке шыққан. Жездем Мұсабек 30-жыл бойы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін мүлтіксіз атқарған кісі. Бүгінгі таңда 5 перзенттен бірнеше немере сүйіп отыр.

Екінші ағам – Ендібай Жуантөбе орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бейнетінің зейнетін көріп келесі жылы зейнеткерлікке шығады. Жеңгем – Жиенкүл бала-бақшада тәрбиеші. 4 перзент өсіріп, немере сүйіп отыр.

Үшінші әпкем – Гүлсапар, жездем –Алимхан Алматы қаласында тұрады. Ұстаздық жолында қызмет жасап, қазіргі уақытта әпкем екеуі жеке кәсіпкер. 6 перзенті мен  немерелерінің ортасында отырған бақыттты ата-әже.

Үйдің төртіншісі ағам – Рысбай, жеңгем – Жұлдызай. Ағам 2002 жылы дүниеден өтті. Ағам өмір жолында физика пәні мұғалімінен бастапбірнеше жыл мектеп басқарған. Жеңгем математика пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз. Қазіргі уақытта ағамның жаққан отын сөндірмей 4 перзент тәрбиелеп отырған аяулы ана, ардақты әже.

Біздің үйдің үшінші ұлы, ағам – Машрап, жеңгем –Гүлнар, ұстаздық жолында қызмет атқарды. Ағам 2001 жылы дүниеден өтті. Қазіргі таңда жеңгем жеке кәсіпкер. Шымкент қаласында тұрады. 4 ұл-қыздан тараған немерелерінің ортасында отырған сүйікті әже.

Үйдің алтыншысы әпкем – Салтанат, жездем – Сәкен. Шымкент қаласында тұрады. Әпкем тәрбиеші, жездем МАИ қызметкері қызметін атқарып зейнеткерлікке шыққан. 4 перзенттен тараған немерелерінің ортасында отырған бақытты ата-әже.

Үйдің жетіншісі әпкем – Әсел, жездем – Қанат. Келес ауданы, Абай ауылында тұрады. Әпкем физика пәнінің мұғалімі, жоғарғы санатты мұғалім. Жездем кіші қызметкер. Ұлхан атты қыздары бар.

Үйдің кенжесі сегізіншісі мен Шымкент қаласындағы пединститутты бітрген соң,1993 жылы Сарыағаш ауданындағы №89 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектепте еңбек жолымды бастадым.  1994 жылы Сырдария облысы Сайхунабад ауданына тұрмысқа шықтым. Үлкен отбасының тұңғыш келіні болдым. Ата-енеммен бірге өмір сүрдік. Қайын атам – Бекжанов Ершора ұстаз болған кісі.
Бесқайын әпкем. 1 қайным, 1 қайынсіңлім болды.  Мен келін болып түскенде 5-қайын әпкем отбасылы болған. Менің қайын әпкелерім мен Ерке қызымыз Бикеш те тамырын кеңге жайған, көзі ашық, оқыған азаматшалар. Барлығы да есеп саласының бас мамандары. Әр үйдің түтінін түтетіп отырған, сүйікті жар, аяулы ана және салиқалы әжелер. Жезделерімізбен айрандай ұйып, бақытты отбасы болып отыр. Жолдасымның артынан ерген  қамшыұстар, қара шаңырақтың иесі — Әлібек пен келінім – Малика қазіргі таңда анамыздың қолын ыстық суға салып, көңіліне қаяу түсірмей, немерелерінің қолынан май жалатып бағып-қағып отыр.  Қайын атам 1998жылы дүниеден озды. Енем өте көрегенді кісі болды. Білмегенімді үйретті, бар ақылын айтып өмірге бағыт-бағдар берді.  Қазір енем 86 жасқа келді. Қайнымды үйлендіріп, қайынсіңілімді құтты орнына қондырдық. Бізді бөлек шығарып, үй болып кетуімізге көмегін аямады. Түскен жерім кішіпейіл, қарапайым, өте жақсы жандар болды.  2000 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға  қоныс аудардық.

  • Өмірлік жолдасыңыз да ұлағатты ұстаз екен. Ұл-қыздарыңыздың арасында да ұстаз мамандығын таңдаған перзенттеріңіз бар ма?

— Қазіргі уақытта жолдасым Жәнібек Шымкент қаласындағы №90 ЖОМ-тің физика пәнінің мұғалімі, жоғарғы санатты  ұлағатты ұстаз. «Үздік мұғалім» десем артық кетпеген болар едім. Жолдасым екеуміз 5 перзент, яғни 4 қыз, 1 ұл өсірдік.  Тұңғыш қызым –Жазира ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Күйеу балам – Абіласан әскери бөлімді басқарады. Қарағанды қаласында тұрады.  Айсұлтан және Алисұлтан есімді екі немереміз бар. Екінші қызымыз – Ұлжарқын, бастауыш сынып мұғалімі. Күйеу балам – Естай Шымкент қаласының ХҚКО –ның қызметкері.  Үшінші қызым – Аяулы ОҚПУ 3 курс студенті. Күйеу балам – Аңсарбек Сарыағаш қаласында колледжде математика пәнінің мұғалімі. Айзере атты тәтті немереміз бар. Төртінші қызым – Бекжан Мерей мен ұлымыз  — Ершора Нұрсәулет Шымкент қаласының №90ЖОМ оқушылары. Екеуі де мектеп үздіктері. Ата-ананың басты арманы өсіріп отырған перзенттеріміздің қызығын, жақсылығын, қуанышын көру. Тамырымызды кеңге жайып, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп  көп немеренің ортасында отыру басты мақсатымыз. Қазіргі таңда мен Шымкент қаласының №59 ЖББОМ жұмыс істеймін. Мектебімізді білікті маман, өз ісіне шебері, кішіпейіл, ұстамды басшымыз Ақпанбетов Сералы Есенбекұлы басқарып отыр. Өзіне де, өзгеге де талапшыл басшымыздың арқасында мектебіміз білімі мен тәрбиелік мәні зор іс-шараларда көш бастап тұр. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Раимбекова Сапаркүл, Абжаппарова Ұлдана, Бейсеева Нұрсұлу, Асанова Баян және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Еспанов Нұрлан, Сүлейменова Айгүл және Утеева Гүлназ апайлардың ұйымшылдығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында мектеп ұжымы биік белестерге көтерілді. Бірнеше облыстық және қалалық семинарлар өткізіп, өзіміздің озық тәжірибелерімізбен бөлістік.

-Әріптестеріңіз жайында не айтар едіңіз?

— Мектебімізде ауыз толтырып атап өтетін ұлағатты ұстаздарымыз өте көп. Олар еш уақытта шәкірттеріне білім беруден жалықпаған. Өздерінен кіші буын ұстаздардардан да өз кеңестерін аяп қалмайды. Атап айтсам, бастауыш сынып мұғалімдері  — Манат Турсунова, Гүлшахар Өтеміс, Айнұр Қуатбекова, Сұлухан Дүйсебаева, Меруерт Елемесова, Раушан Абдибаева, Ақмарал Дарменова және Айгерім Елтай.

Қазіргі уақытта өзім жетекшілік ететін сыныбым – 3 «Д» сыныбы. Сыныбымда 25 оқушы бар. Оның 16-ұл, 9-қыз бала. Сыныбым өте ұйымшыл, бір-біріне бауырмал. Әрқайсысы әртүрлі отбасында тәрбиеленсе де, барлығы бір отбасының баласындай.  Сыныбымның ұйымшыл болуына ата-аналардың да үлесі зор. Себебі ата-аналарым да белсенді, ұйымшыл. Атап айтсам: сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы – Сұлтанова Назгүл, көмекшілері – Байтимова Айсұлу, Тулеушова Райгүл, Менгилбекова Рахат, Айымбетова Гүлбану, Ангарова Гүлбану.  Сыныбымда алға жетелейтін үздіктерім – Есенәлі Ерұлан, Арыстанбек Аружан, Елжанқызы Мадина, Әшім Нұрдәулет, Құрбан Елнұр және Құрбан Сырым. Мектептегі пәндік олимпиадаларға қатысып, оқушыларым бас жүлде, І орындарды иеленіп жатыр. Оқушылар әрдайым мектеппен тығыз байланыста, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Әр оқушының өз ерекшелігі, өз артықшылығы, өз кемшілігі бар дегендей барлық педагогикалық шеберлігімді қолданып, шәкірттерім елдің білікті азаматтарынан болғанын қалаймын.

Мемлекет басшысы  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі  мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде  болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» — деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен  сусындату – екінің бірінің қолынан  да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы  деп бағалауға болады.

Сұқбатыңызға көп рахмет!

 

 

Жаңалықтар тізбесі

Шардара ауданының шаруаларымен кездесу өтті. 

Әрбір кездесу аудандағы мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталатыны  рас. Осы мақсатта Шардара жұртшылығы, әсіресе шаруалар  игі істерге ұйытқы болсақ дейді....

Түрік асханасы: Дәрілік шөптер: табиғаттан дастарханға дейін

ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН...

Алғыс арқалаған абзал жан

  Адам өмірінің сақшысы саналатын ақ халатты абзал жандарға алғыс айтылып, құрмет көрcетіліп жататыны орынды. Қолы жеңіл, жылы сөзі дертке...

Сапалы өнім – сапалы өмір кепілі

Сапалы өнім – сапалы өмір кепілі. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата...

ORDABASY: Аудан жастарын біріктіретін ортақ алаң құру керек

Жастар – елдің басты байлығы, мемлекеттің болашағы. Сондықтан оларға әрқашан қамқорлық пен қолдау ауадай қажет. Осы мақсатта ел болашағы...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТРОЯТ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЮ, НЕ ИМЕЮЩУЮ АНАЛОГОВ В СТРАНЕ

В Туркестанской области «забит колышек» самого крупного проекта в истории региона. Сегодня с участием акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды...

100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ – OPENWORK

Түрік суретшісі Мелек Зейнеп Булуттың «OpenWork» атты орындаушылық және эксперименттік кеңістіктік инсталляциясы Республиканың 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Стамбұлдағы Ататүрік...

Бизнесіңізді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен дамытыңыз!

https://www.youtube.com/watch?v=ua1AqG0jW4o Бизнесіңізді "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасымен дамытыңыз! "Қарапайым заттар экономикасы" мемлееттік бағдарламасы отандық тауар өндірушілерге несиесінің сыйақы мөлшерлемесін азайтуға және кепілзат...

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесу өтті

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының жобаларының берері мол. Заман...

Тағы да